Қарызсыз қоғам
Елорда • 01 Наурыз, 2024
«Қарызсыз қоғам» жобасы: Қоғамда жаңа қаржылық мәдениет қалыптасып келеді
«AMANAT» партиясы «Қарызсыз қоғам» жобасының аралық қорытындысын шығарды. Биыл қаңтар-ақпан айларында ел аумағындағы 15 мың отандасымыз қаржылық сауатын арттырып, оқыту курсынан өтті. «Қарызсыз қоғам» жобасына қатысқан 100-ден астам әйел бүгін Алғыс айту күні және алдағы 8 наурыз мерекесі қарсаңында Астанада арнайы бас қосып, қарыздан құтылудың, отбасы табысын арттырудың тәжірибесін бөлісті.
Қоғам • 28 Ақпан, 2024
«Қарызсыз қоғам» несиеден арылуға қалай көмектеседі?
Халықтың шамадан тыс несиеге батуы назар аударылуы қажет мәселелердің бірі. Қазақстан азаматтарының әрбірінде бірнеше несиеден бар. Өтелмеген несиелер ажырасуға, отбасылық жанжалдарға, құқықбұзушылықтарға себеп болады. Бұл түйткілді қандай да бір жолмен шешу үшін AMANAT партиясы былтыр «Қарызсыз қоғам» жобасын бастады, ол қарызды төлеп, аяққа тұруға ғана емес, қаржылық қауіпсіздік құралдарын үйренуге де көмектеседі.
Үкімет • 12 Қазан, 2023
Үкіметте «Қарызсыз қоғам» жобасы талқыланды
ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев «Қарызсыз қоғам» жобасын жүзеге асыру мәселесі бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.